25 желтоқсанда «Атырау» ДСК-де қаланың жаңажылдық ертеңгілігі өтті.
Кешенге 400 бала – оқу озаттары, жас музыканттар, спортшылар, аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары, жетімдер шақырылды. Қала оларға отшашумен, қызылды-жасылды костюммен және қыздыратын бимен керемет мереке ұйымдастырды. Бәрі сыйлықтар алды. Жаңажылдық сыйлықтарды денсаулық жағдайына байланысты мерекеге келе алмаған 600-дей мүгедек бала да алды.
…Қазіргі балалар ата-аналарының бала кездегісінен анағұрлым пысық деген түсінік қалыптасқан. Олай емес екен. Мен сұрақ қойған балалардың көпшілігі ойланбастан Аяз Атадан өз жақындары мен достары үшін бақыт және денсаулық тілейтінін айтты. Олар сол кезде өздері туралы ойламайтын болып шықты. Ендеше мен өз атымнан балалардың баршасына бар жақсылықты тілеймін!
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ