Атырау, 25 қараша 07:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

2016 жылға қарай Қытайда екі мың көмір шахтасы жабылады

1 949 просмотра

Қытай билігі 2016 жылға қарай елдегі 2 мың көмір шахтасын жабуға ниетті. Осылайша, көмір шахталарының саны 10 мыңға дейін қысқармақ.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, бұл шаралар ауаға таралатын зиянды заттардың мөлшерін азайтуға және өндірістегі техникалық қауіпсіздікті жетілдіруге бағытталған.

ҚХР-дағы өндіріс қауіпсіздігін бақылау бойынша мемлекеттік басқарманың мәліметінше, биыл мыңнан астам өндіріс жабылды.

Әуелі заңсыз құрылған немесе бекітілген өндіру көлемінен асыра өнім өндіретіндер өз жұмысын тоқтатады. Сонымен қатар жыл сайын өндіріс көлемі 90 мың тонна көмір өндіруден аспайтын шағын шахталар жойылады, деп хабарлады ТАСС.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 желтоқсан 2014, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.