Атырау, 25 қараша 07:24
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейдегі жылдық инфляция 10%-дан асып жығылды

2 489 просмотра

Алматы. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Ресейдегі жылдық инфляция 10%-дан асып жығылды, деп хабарлайды РБК.

«Ресейдегі инфляция ең пессимистік болжамдардан асып жығылды. Желтоқсан айының үшінші аптасының соңына қарай ол 2008 жылдан бері алғаш рет ресми түрде қос таңбалы болды. 16-22 желтоқсан аралығында Ресейдегі тұтынушы бағалары қарашаның бір апталық орташа өсімінен үш есе асып, рекордтық 0,9%-ға өсті. Желтоқсанның басынан бері Ресейдегі бағалар 1,7%-ға өсті, ал жыл басынан бері – 10,4%-ға», - делінген хабарда.

Осылайша, Ресейге бесжылдық үзілістен кейін алғаш рет қос таңбалы инфляция оралды, деп атап өтуде мақала авторлары. Еске сала кетейік, 2008 жылдың желтоқсанында Ресейдегі бағалар 0,7%-ға артса, жалпыжылдық инфляция 13,3% деңгейіне жетті. «2014 жылы инфляция ендігі, сірә, тым жоғары көтерілмейтін де шығар, алайда тіпті ресейлік билік өкілдерінің ең пессимистік деген болжамдарын ол басып озды», - делінген хабарда.

Бұған дейін РФ экономикалық даму министрлігінің 2014 жылғы инфляция жөніндегі бастапқы болжамы 4,5-5,5%-ды құрайтыны хабарланған. Жыл бойына ведомство планканы бірнеше мәрте көтеруге мәжбүр болып, желтоқсанның басында оны 9% деп орнатты. Сол кезде қаржы министрлігінің ұзақмерзімдік стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Максим Орешкин экономикалық даму министрлігінің болжамын шамадан тыс оптимистік деп атап, 2014 жылдың инфляциясын 9,7%-ға бағалаған. Ресей Банкінің басшысы Эльвира Нәбиуллина 11 желтоқсанда 2014 жылдың инфляциясын шамамен 10% деп бағалады.

«Азық-түлік инфляциясы (азық-түлік бағаларының өсімі) дейтін Ресейде жылдық есепте 2014 жылдың тамызында-ақ қос таңбалы болған. Соңғы рет мұндай 2011 жылы орын алды, ол кезде 2010 жылғы бұған құрғақшылықтың кейінгі қалдырылған әсері себеп болған еді. 2014 жылдың қараша қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы жылдық есепте 12,6%-ға дейін өсті, желтоқсанда тек өз өсімін жалғастырды. Тек 2014 жылдың желтоқсандағы үшінші аптасында орамжапырақ 11%-ға қымбаттады, қызанақ – 7,8%-ға, құмшекер – 7,5%-ға, қияр – 7,4%-ға, алма – 4,6%-ға, картоп – 3,8%-ға, күріш – 3,5%-ға, қарақұмық – 3,4%-ға», - деп көрсетілген хабарда.

«Нәтижесінде, мысалы, қарақұмық 2014 жылдың желтоқсан басына қарай (2013 жылдың соңымен салыстырғанда) бірден 77,7%-ға қымбаттаған, орамжапырақ – 44,1%-ға, ал шекер – 38,3%-ға», - деп нақтылады талдаушылар.

Еске сала кетсек, 2014 жылдың қазан басында Ресей президенті Владимир Путин «Ресей шақырады!» («Россия зовет!») инвестициялық форумында сөз сөйлеу кезінде азық-түлікке деген бағалардың өсімі салдарынан жалпы инфляция жыл қорытындысы бойынша 7,5-7,6-дан 8%-ға дейінгі көрсеткішті құрайтынын мәлімдеген. Кейінірек ауыл шаруашылық министрі Николай Федоров азық-түлік тауарлары бағаларының өсімі биыл жалпы инфляцияны 2-3%-ға басып озатынын айтып жорамалдаған.

Желтоқсанның басында HSBC банкінің сарапшылары Ресей өнеркәсіптік өндірушілер бағасының белсенді өсіміне нұсқаған. Олардың мәліметі бойынша, рубль бағамының жылдам құлдилауы салдарынан 2014 жылдың қараша айында Ресейдегі өндірістік инфляция 1998 жылдың қарашасынан бергі, ал босату бағалары 2011 жылдың наурызынан бергі ең жоғары қарқынмен өскен.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 желтоқсан 2014, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.