Атырау, 21 желтоқсан 14:54
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Даңқты спортшы һәм патриот

3 208 просмотра

Атырауда  Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына және даңқты спортшы, қоғам қайраткері, Қазақстанда таэквондо мектебінің негізін салушы Мұстафа ӨЗТҮРІКТІ еске алуға арналған қалалық турнир өтті.

ӨТЕ ЕРТЕ КЕТТІ

Турнирден кейін облыстық таэквондо федерациясының президенті Серік ЕРУБАЕВ тірі болса, биыл 60-қа толатын Мұстафа Өзтүріктің құрметіне ас берді. Асқа қоғам өкілдері, белгілі спортшылар мен жаттықтырушылар, соның ішінде Мұстафаның сүйікті шәкірті, 6-данның иегері алматылық Исатай ҚАЗБЕКОВ (суретте), Олимпиада-2008 қола жүлдегері Арман ШІЛМАНОВ, Алматы облысы таэквондо федерациясының вице-президенті Қайрат ТАҒАБЕРГЕНОВ және тағы басқалар шақырылды. М. Өзтүріктің 60 жылдығына арнап түсірілген «Анадан арда туған» фильмі көрсетілді.

Мұстафа Өзтүрік Түркияда Қазақстаннан өткен ғасырдың алғашқы жартысында көшіп кеткен қазақ отбасында дүниеге келген. Таэквондода ол үлкен биіктерді бағындырды: әлемнің алты дүркін чемпионы, 7-данның иегері, Түркия мен Германияда таэквондо мектептерінің негізін қалаушы. 1990 жылы М. Өзтүрік тарихи отанына оралып, Қазақстан азаматтығын алды. 1991 жылы ол Қазақстан таэквондо федерациясын құрып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Оның 1995 жылғы мезгілсіз қазасы Алматы үшін үлкен қайғы болды. Алайда оның ісі жалғасын тауып келеді.

1992 жылы Өзтүрік шәкірті, қазір ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабибек МҰХИТОВТЫҢ шақыруымен Атырауға келді. Сол кезде оған облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Равиль ШЫРДАБАЕВ пен «Самал» шипажайының сол кездегі директоры Өнербек ЖАНБАЛА үлкен қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. Мұстафа Өзтүрік жергілікті спортшылар және студенттермен бірнеше кездесу өткізіп, облыстық таэквондо мектебін ашты, оны Қабибек Мұхитов басқарды. Осы мектептің алғашқы шәкірттерінің бірі – қазір таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мұстахим ҚАБДЫРАШЕВ.

«АТЫРАУ ТАЭКВоНДОСЫНЫҢ ДАҢҚЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ КЕРЕК»

Еске алу асына қатысушы-лардың бірі М. Қабдырашев облыс таэквондосының бүгінгі жағдайы туралы айтты:

- 1997-2010 жылдар аралығы Атырау үшін «жұлдызды уақыт» болды: біздің спортшыларымыз республикалық турнирлердің барлық жүлделерін алды, Арман Шілманов, Әнуарбек Аманқұлов, Батырбек Есдәулетов, Лия Нұркина, Сәуле Сардарова Қазақстанда жасындай жарқылдады. Алайда, соңғы кезде нәтижелер төмендеді. Міне, соңғы ел чемпионатында Атырау облысы бірде-бір алтын медаль алмады.

...Сол жылдары жаттықтыру-шылар тек өз ықыластарымен ғана жұмыс жасады, ал қазір жағдай көп өзгерді. Уақыт өзгеріп, балалардың таэквондоға деген қызығушылығы бәсеңдеді. Спортшыларды сапалы дайындау үшін жағдай жасалуы керек, алайда, өкінішке орай, Атырауда мұндай мүмкіндік жоқ. Мамандандырылған спорт орталықтары жоқ, үлкен турнирлерге дайындалу үшін жиындар өткізілмейді.

Бізге ауыл балаларын дайындайтын спорттық интернаттар керек, олар қалалықтарға қарағанда компьютерге көп байланбаған. Мәселен, қазақстандық олимпиада чемпиондарының барлығына жуығы ауылда туып, спорт интернаттарында оқыған.

Облысымызда талантты спортшылар бар, атыраулық таэквондошылардың бұрынғы даңқын жандандыру керек, өйткені, бұл жай ғана спорт емес, бізге, қазақтарға жақын өмір философиясы ғой. Батырлардың елсүйгіштік рухымен өз халқын сүюге тәрбиелеу, әлсізді қорғап, үлкен құрмет көрсету, ұлттық дәстүрлерді қастерлеу – міне, осы құндылықтарды біз шәкірт тәрбиесінде пайдаланамыз.

Зинат ОРЫНБАСАРОВА

Суретті түсірген автор

25 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.