Атырау, 28 қараша 00:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ең үлкен жылыжай

2 518 просмотра

23 желтоқсанда Алғабас ауылында облысәкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ қатысуымен «Жұмағалиев» шаруа қожалығы жылыжайының ашылу салтанаты өтті.

Көлемі 0,1 га болатын өзінің алғашқы жылыжайын кәсіпкер Өтеміс ЖҰМАҒАЛИЕВ (суретте) 2008 жылы ашыпты. Келесі жылдың күзінде алаңды 0,5 га-ға дейін үлкейтті, сол кезде ол жылыжайдан жылына 60-80 тонна өнім алатын. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 270 млн теңге несие алып, оған өзінің 70 млн теңгесін қосып, көлемі 2 га болатын жаңа жылыжай салды. Бизнесті қолдау орталығы Канададан шақыртқан тәжірибелі технолог мамандарды оқытумен айналысты. Мемлекет коммуникациялар жүргізуге көмектесті, ал, Жұмағалиевтың өзі төтенше жағдай бола қалса деп, генератор да орнатқан.

Жылыжай биылғы жылдың мамырынан бастап жұмысын бастады. Осы уақыт ішінде 500 тонна қияр өнімі алынды. Жазда кәсіпкер өз өнімдерін, тіпті, Астраханға экспортқа  шығарыпты. Күзгі-қысқы уақытта ауа-райы мол өнім алуға мүмкіндік бермейді, Өтеміс көкөністерді базарда көтерме бағамен сатып алушыларға тапсырады. Ол супермаркеттермен жұмыс істегенді ұнатпайды, өйткені, олар тауарды комиссиямен алуды жөн көреді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Серік СӘРСЕКЕ-НОВТІҢ айтуынша, облыста қазір жылыжай жағдайында көкөністер өсіретін 19 шаруа қожалығы бар екен. Жылыжай өндірісінің жалпы алаңы – 9,5 гектар. 2015 жылы Жылыой ауданында алаңы 3 га болатын жылыжайды іске қосу жоспарланған. Әзірге ең үлкен өндіріс – Жұмағалиевтың еншісінде.

- Бұл шаруашылық субсидия алады. Биылғы жылы сәуірде қаулы шықты. Онда мемлекет субсидиялайтын 42 бағыт жазылған. Соның ішінде жылыжай құрылысы да бар. Алайда, көмек топырақты емес, субстраттарды қолданатын жылыжайларға ғана тиесілі. Әрі қарай шығарылатын өнімнің субсидияланатын түрлерінің тізімдері кеңейтілетін болар, - деді С.Сәрсекенов. Оның пікірінше, алыпсатарлар өнімнің тұтынушылар дастарханына жеткенге дейінгі басты кедергісі екен. Солардың кесірінен халық үшін жергілікті өнімнің баға қолжетімділігіне жету мүмкін болмай отыр.

Облыс әкімі жылыжай қожайынымен әңгіме кезінде баға мәселесін қозғады:

- Келесі жылы коммуналдық базар ашамыз, сол жерден үстеме бағасыз тауарларыңызды: сиыр мен ешкі сүтін, сүт өнімдерін, құс етін, жұмыртқаны, көкөніс-жемістерді сата аласыз. Әр өндірушінің өз сауда орны болады. Сол кезде облыс халқы біздің тауарларымызды үстеме бағасыз сатып ала алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

25 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.