Атырау, 20 маусым 15:35
 ашықВ Атырау +23
$ 519.55
€ 596.03
₽ 6.63

Оқиғалар тізбегі

613 рет қаралды

Привокзальныйда 30 жастағы ер адам ұсталды. 12 желтоқсанда 29 жастағы бұрынғы жұбайының үйінде түнеп шығып, ертеңгісін оның ұялы телефонын, тоны мен етігін ұрлап кеткен. Күдікті басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. ҚР ҚК-нің 175-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс жеңілдетілген тәртіппен сотқа жолданды.

***

 

Полиция Атырау қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 17 желтоқсанда 16 жасар жасөспірімнің «LG» ұялы телефонын алып қойған. Заттай айғақ алынды.

***

 

Желтоқсанның 18-де таңертең энергетика және құрылыс колледжінің информатика кабинетінен компьютердің қатқыл дискісі ұрланды. Полиция із суытпай 14 жастағы ұрыны ұстады. Заттай айғақ алынды.

***

 

Желтоқсанның 22-не қараған түні ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Атырау-Орал тас жолының 15-ші шақырымында 8 тонна қара балық тиеген КамАЗ көлігін ұстады. Оңтүстік Қазақстан облысының 26 жастағы жүргізушісінің жүк құжаттары болмаған. Ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Жүк жіберілмеді, тексеру жүргізілуде.

***

 

Желтоқсанның 22-не қараған түні 44 жастағы Нұрсая ықшамауданының тұрғыны үйінде ішіп алып, жанжал шығарған күйеуінің үстінен полицияға шағым-данды. Келген полицейлерге ол пышақ кезенген, бірақ ол әрекетін болдырмады. Сот әкімшілік қамауға алуға санкция берді.

25 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.