Атырау, 28 қараша 00:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жылыойда Одақ құрылды

1 880 просмотра

- 1970-1980 жылдары спортпен айналысуға деген қызығушылық ерекше болды, - деп еске алады жылыойлық ардагер спортшылар.

Мектептерде қазақша және еркін күрес, волейбол, баскетбол, бокс, гір тасын көтеру секциялары болды. Республикалық дәрежедегі сайыстарда жеңіс тұғырына көтерілген спортшылар аз болмаған. Олардың арасында БЕКЕМБАЕВ, БАРАҚАТОВ, ӘЛЖАНОВ, ТӨЛЕНДИЕВ, ДҮЙСЕНБЕТОВ, ГАЛИМОВ, ЖАНАЕВ, АЙДЕНОВ, ШОНАЕВТАР бар.  

- Бізді кезінде маңдай терін төгіп жаттығып, еліміздің намысын қорғаған спортшыларымыздың есімдерін қалай жаңғыртамыз деген сауал, жасыратыны жоқ, қатты мазалады. Нұрсипат МАНАПҰЛЫ Спорт одағын құру туралы идеясын ұсынғанда біз оны қолдадық, -дейді одақтың төрайымы Сәния АБИЛОВА.

Одақ мақсаты - спортты дәріптеу, аудан спортының тарихы мен жетістіктері барысында сабақ өткізіп, осы саланың ардагерлерін және жаттықтырушыларды моральдық, материалдық жағынан қолдау, туристік сапарлар, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру.  

- Біз бүгінде жұмысымызды бастап кеттік. Ең бастысы,  жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Біз келешек ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге дайынбыз, -дейді С. Абилова.      

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған