Исатай ауданының Томан ауылында Атырау облысы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ және ҚР энергетика вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИННІҢ қатысуымен табиғигазды қосу рәсімі өтті.
500-ге жуық адам тұратын Томан ауылына газ тарту бойынша жұмыстар үстіміздегі жылдың шілдесінен қараша айына дейін жүргізіліп, 198 млн теңгеге шықты. Бұған дейін тұрғындар өз үйлерін қолдан жасалған пештермен қыздырып келген еді. Кездесуде Ұ. Қарабалин бұл ауылда үй салғылары келетін адамдар көп деп естігенін айтты. Ауыл тұрғындары мұны растады:
- Томан Атырауға жақын орналасқан, сондықтан да осы жерден үй салу үшін жер алғысы келетіндер көп. ЖТҚ салу үшін жер сұраған 50-ге жуық өтініш жатыр, алайда сәйкесінше инфрақұрылым болмағандықтан әлі күнге дейін жер берілген жоқ. Жарық пен су бар, міне, енді газ берді. Бастауыш мектеп бар, бірақ балабақша жоқ, бізге осы қатты жетіспей тұр.
Б. Ізмұхамбетов тұрғындарға балабақша салып берем деп сөз берген жоқ, алайда келесі жылдың жазында Атырау-Астрахан трассасынан ауылға дейін тас жол құрылысын бастауға уәде берді. Халық бұған дән риза болды.
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген автор