Атырау, 28 қараша 00:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жаңа құс фабрикасы жылына 30 млн жұмыртқа береді

6 766 просмотра

20 желтоқсанда Атыраудың сырт жағындағы Орал трассасының маңында «Алмалы құс» ЖШС-нің жаңа құс фабрикасын таныстыру рәсімі өтті.

Рәсімге Атырау облысы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ пен ҚР энергетика вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН қатысты. Жоба құны – 680,73 млн теңге, оның 308,2 миллионын «Атырау» ӘКК бөлген. Мұның ішінде «Атырау» ӘКК 98 мың теңгесін жарғылық капиталға аударса, қалған 308 млн 102 мың теңгесі 7 жылға мақсаттық қарыз түрінде ұсынылды.

Жаңа құс фабрикасы жұмысын жүргізетін «Жігер» шаруа қожалығының басшысы Мұрат НАҚПАЕВ немістің Hellmann Poultry GmbH компаниясынан балапандар мен жұмыртқа басатын тауықтарды өсіруге арналған жабдықтар, сондай-ақ, қуаты сағатына 5 тонна жем дайындайтын құрылғы сатылып алынғанын айтты. Жылытылған жиналмалы-каркасты ғимаратты «Рукки Рус» Ресей-фин компаниясы жеткізген. Қазіргі уақытта фабрикада Свердловск асыл тұқымды құс өсіру зауытынан әкелінген Хайсекс Уайт тұқымды 58 мың балапан бар.

- Құс фабрикасының жобалық қуаты – 100 мың жұмыртқа басатын тауық және жылына 30 млн дана жұмыртқа, - дейді М. Нақпаев. – Алғашқы өнім 2015 жылғы наурызда шығарылады деп күтілуде, ал, жыл ортасында 10 млн жұмыртқа көлеміне шығуды жоспарлап отырмыз. Балапандардың екінші партиясын 2015 жылдың мамырында әкелуді жоспарладық. Өткізу нарығына келетін болсақ, алғашқы кезекте біз Атырау облысы тұрғындарын қамтамасыз ететін боламыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

25 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.