Атырау, 25 қараша 07:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үндістанда содырлардың шабуылынан көз жұмғандар саны 50-ге жақындады

1 483 просмотра

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Ассам штатында Бодоленд Ұлттық демократиялық майдан содырларының шабуылынан қаза тапқандардың саны, соңғы мәліметтер бойынша, 48 адамға жеткен, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Бұдан бұрын 36 адамның ажал құшқаны хабарланған болатын.

Сепаратистер Ассам штатының екі ауданында – Сонитпур және Кокраджхарда кем дегенде төрт шабуыл ұйымдастырған.

Құрбан болғандардың барлығы адиваси этникалық тобына жатады, олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.

Дереккөз: bnews.kz

24 желтоқсан 2014, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.