Атырау, 25 қараша 07:31
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Forbes Адам Сэндлерді «шығынды өтей алмаған» жыл актері деп таныды

2 249 просмотра

Forbes журналы осымен екінші жыл қатарынан америкалық комедия актері Адам Сэндлерді өзінің голливудтік әріптестерінің арасында тым артық бағаланған деп танып отыр. Оның соңынан екінші және үшінші орындарда Джони Депп пен Бен Стиллер тұр, деп жазады Лента.ру.

 Басылымның есептеуіне сәйкес, Сэндлер өзіне жұмсалған әр доллар үшін 3,2 доллар табыс әкеле алған. Бұл Голливуд жұлдыздарының арасында ең нашар көрсеткіш. Актердің статистикасына «Әртүрлі егіздер» (Jack and Jill) мен «Бұл менің әкешім» (That's My Boy) атты сәтсіз картиналар көлеңке түсірді.

Аталмыш рейтингтің алғақы ондығына сондай-ақ Райан Рейнольдс, Том Хэнкс, Уилл Фаррелл, Ченнинг Татум, Дензел Вашингтон, Сандра Баллок пен Бен Аффлек енді.

Рейтингті құрауда Box Office Mojo сайтының мәліметтері ескерілген. Оның негізіне Forbes әр жұлдыздың соңғы түскен үш релизін алып, осы картиналардың жалпы табысын актерге төленген гонорармен салыстырыпты.

Дереккөз: bnews.kz

24 желтоқсан 2014, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.