Атырау, 18 желтоқсан 21:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Мұнай Павлодарға Самара арқылы жеткізілмек

2 399 просмотра

«Қазтрансойл» ЖАҚ Батыс филиалының кеңсесінде осы кәсіпорын қызметкерлері президенттің таяудағы жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобына басшылық етуші ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИНМЕН және ҚР әділет министрінің орынбасары Бақытжан ӘБДІРАЙЫМОВПЕН кездесті.

 

ҚАЗЫНАҒА ТРИЛЛИОНДАР

Ұ. Қарабалин, атап айтқанда, Атырау облысының ел экономикасына қосқан үлесін атап өтті: өтіп бара жатқан жылы өңір мемлекет бюджетіне салықтар мен басқа міндетті төлемдер түрінде 513 млрд теңге, сонымен қатар Ұлттық қорға 1 трлн 553 млрд теңге аударған.  Атырау облысы әкімінің орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ нақтылады: республика қазынасына және Ұлттық қорға облыс барлығы 2 трлн 254млрд теңгеаударған. Әрине, ең алдымен әңгіме мұнай-газ секторы болып отыр.

«Қазтрансойл» АФ жұмысы туралы айтқанда, энергетика вице-министрі ішкі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында батыс және шығыс құбыр желісін жалғау міндеті орындалғанын хабарлады:

- Желілер салынды, әрі қарай олардың өткізу қабілеттерін арттыру жұмыстары тұр. Бұл мұнайды батыс өңірлерден Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына ауыстыруға, сонымен қатар шығыс нарығына, соның ішінде Қытайға жеткізуді қамтамсыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, КТК-ны кеңейту жөнінде үлкен жұмыстар күтіп тұр.

Қарабалин, сонымен қатар, шығыс бағыты бойынша жұмыстар аяқталғанша мұнайды елдің батысынан ресейлік құбыр арқылы жіберу үшін ресейлік «Транснефтьпен» келіссөздер жүргізілгендігі туралы хабарлады:

- Батыс қазақстандық компаниялар мұнайды Павлодарға жеткізуге, бірақ физикалық тұрғыда Самараға жеткізу жөнінде келісімшарттарға қол қойды. Ал ол жақтан павлодарлық МӨЗ-ге қайтадан жіберіледі. Еуразиялық жүйенің артықшылығы осылайша жүзеге асырылады.

 

МӨР МІНДЕТТІ ЕМЕС

Б. Әбдірайым министрлікті оңтайландыру шеңберінде үш комитеттің: зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі, сот актілерін орындау жөніндегі және тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеттерінің таратылғандығын мәлімдеді. Бірқатар функциялар, соның ішінде азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу қызметі жергілікті атқарушы органдарға берілген.

Ол сондай-ақ, өз министрлігінің кәсіпкерлік туралы жаңа заң жобасына әзірлеуге қатысқандығы туралы әңгімеледі. Ол мәжілісте мақұлданып, оған шамамен жыл аяғында қол қойылмақ. Атап айтқанда, жаңа заңға сәйкес бизнесті ашу кезінде де, жабу кезінде де міндетті тіркеу алымы алынып тасталмақ. Вице-министрдің айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болып отырған жарғылық қордың болуы туралы талап алынып тасталады.

Тағы бір жаңалық:

- Енді кәсіпорын мен есепшотты ашу үшін мөрдің болуы міндетті емес. Ол керек пе, жоқ па, бизнесмендердің өздері анықтайтын болады. Бастысы – қолыңыз қойылу керек. Бұл әлемдік тәжірибе.

Жаңа заң жобасы бойынша кәсіпкерден келісім жасау кезінде техникалық төлқұжат талап етілмейді. Бұдан басқа, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылжымайтын мүлікпен қатысты келісімдерді онлайн форматында тіркеу мүмкін болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

23 желтоқсан 2014, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.