Атырау, 5 желтоқсан 10:06
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Дегенмен жол-патрульдік қызмет көлігі қатысқан ЖКО орын алған екен

2 874 рет қаралды

 youtube.com-нана алынған бейнежазба скриншоты youtube.com-нан алынған бейнежазба скриншоты«АЖ» сайтындағы «“Болмаған” ЖКО» жарияланымынан кейін редакцияға ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Жәнібек ШӘРІПОВ қол қойған хат келіп түсті.

Онда былай делінген: «2014 жылы 1 желтоқсанда 1953 жылы туған азаматша И.У. мен 1998 жылғы кәмелетке толмаған Е.Н.-ны Атырау қалалық ІІБ жол-патрульдік қызмет батальонының полицейі Ниғметов А. басқарған мемлекеттік нөмірі Е527 КР «Шкода-Октавия» маркалы автокөлігі соғып кетті. Ол алдын алу мақсатында тежегішін басқанымен, жер тайғақ болып, жаяу жүргіншілермен жанама соқтығысқан. Атырау қалалық ІІБ қызметкері Ниғметов А. ҚР ӘҚтК-нің 476-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматша И.У. мен кәмелетке толмаған Е.Н. анасы сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты.

Осы ЖКО бойынша материалдар Атырау қалалық ІІБ-нің есеп кітабына №26269 болып тіркелген».

 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
476-бап («Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылық») Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 27-тарауына кіреді. 476-бапта былай делінген: «Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Хаттама жасау кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiнiң нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi».

23 желтоқсан 2014, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.