Атырау, 17 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Кремль Жеңістің 70 жылдығын тойлауға Барак Обаманы шақырды

1 513 просмотра

АҚШ президенті Барак Обама Жеңістің 70 жылдығына орай Мәскеуде өтетін салтанатты шараға шақырту алды. Бұл туралы РИА Новости Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап хабарлады. 

 Оның айтуынша, шақырту антигитлерлік коалицияға кіретін елдердің көшбасшыларына таратылған. Оның құрамында АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция және басқа да бірқатар елдер бар.

Соған қарамастан президент көмекшісі Владимир Путин мен америкалық көшбасшының ықтимал кездесуі туралы келіссөздер жүргізіліп жатпағанын ескеріп өтті.

«Ресей мен АҚШ басшыларының ықтимал кездесуі туралы келіссөздер қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жоқ», - деп мәлім етті ол. 

Дереккөз: bnews.kz

23 желтоқсан 2014, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.