Атырау, 25 қараша 07:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұхамед Әли ауруханадан жақында шығады

1 690 просмотра

Өткен жексенбіде өкпесі қабынып ауруханаға түскен Мұхамед Әлидің денсаулығы жақсарды, деп хабарлады спортшының баспасөз хатшысы Боб Ганнелл. Бұл туралы ВВС агенттігі жазды. 

Дәрігерлердің болжамы бойынша, Мұхамед Әли алдағы күндері ауруханадан шығады. Боб Ганнелл боксшы жанұясының өтініші бойынша, оның қай ауруханада жатқанын және денсаулығы туралы нақты ақпараттар беруден бас тартты. 

1984 жылы, спорттық карьерасын аяқтағаннан соң 3 жылдан кейін Мұхамед Әлиден Паркинсон ауруы анықталған.
Соңғы уақытта боксшы қоғам алдында көп көрінбейді. Тек, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында ол өз атымен аталатын гуманитарлық сыйлықты табыс ету салтанатты шарасына қатысты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

23 желтоқсан 2014, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.