Атырау, 25 қараша 07:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кудрин: Ресейде экономикалық дағдарыс туу қаупі бар

1 881 просмотра

Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин Мәскеуде баспасөз конференциясы кезінде. 22 желтоқсан 2014 жыл.Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин Мәскеуде баспасөз конференциясы кезінде. 22 желтоқсан 2014 жыл.Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудриннің сөзінше, елдегі қаржы дағдарысы "экономикалық дағдарысқа" ұласып, оның салдары 2015 жылы айқын сезілуі мүмкін.

Қазір "Азаматтық бастамалар комитеті" зерттеу орталығын басқаратын Кудрин "Интерфакс" агенттігіне берген сұхбатында Ресейдегі жағдай оңалып кетеді дегеннің өзінде 2015 жылы елдің жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі екі пайызға төмендейді. Ол ЖІӨ көлемі әлемдік нарықта мұнай бағасының бір баррелі 80 АҚШ доллары болып тұрса ғана екі пайызға төмендейді деген болжам айтады. Егер мұнай бағасының баррелі қазіргідей 60 АҚШ доллары күйінде сақталса Ресейдің ЖІӨ көлемі төрт пайызға дейін азаюы мүмкін.

Кудрин "Мен қазір біз нағыз, толыққанда экономикалық дағдарыс кезеңіне өтіп барамыз деп айта аламын. Біз оның салдарын келесі жылы айқын сезінеміз" деген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

23 желтоқсан 2014, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.