Ресейдегі валюталық дағдарыс әлемнің астық нарығын да айналып өтпеді, деп жазады РОСБАЛТ.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, өткен аптада, руль бағамы рекордтық минимумына жеткенде ресейлік экспорттаушылар астық тасымалдау көлемін шектеген, дәл осы себептерге байланысты хедж-қорлар астық бағасына белгіленген ставкаларды көтеруге мәжбүр болды.
Дүйсенбі күні баға өсімі жалғасты: Чикаго тауарлық-шикізаттық биржасы жүйесіндегі электрондық саудада астықтың наурыз айына арналған келісімшарты үстінен 1,3% қосып, күндіз бір бушеліне 6,4025 долларға дейін (тоннасына 235,22 доллар) өсті», - деп хабарлайды «Финмаркет».
Париждегі Euronext биржасында да наурыз айындағы жеткізілім бойынша астық бағасы 1,5%-ға артып, тоннасына 200,25 еуроға теңесті.
Соңғы 5 жылдан бері Қазақстан астық экспорты жағынан әлем бойынша 7-орында. Оның алдында: АҚШ, Канада, Ресей, Австрия мен басқа да елдер бар. Әлемдің астық нарығындағы Қазақстан үлесі 5%-ға тең.
Қазақстан бидайын Ауғанстан, Иран, Түркия, Еуроодақ, ТМД, Солтүстік Африка елдері мен т.б. тұтынады.
Дереккөз: bnews.kz
23 желтоқсан 2014, 09:25
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.