24 желтоқсан күні М.Өтемісұлы атындағы драма театрында Өнербек ЖАНБАЛАНЫҢ «Ақжайықтың ақтаңгері» атты шығармашылық кеші өтеді.
Көпшілікке облыстық ат спорты федерациясының төрағасы Өнербек Жанбала өңірдегі ұлттық спорт түрлерін жаңғыртушы ретінде танымал, бірақ ол сонымен қатар керемет күйші-домбырашы да.
Кешке қонақ ретінде ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының төрағасы Бекболат ТІЛЕУХАНОВ, ұлттық ат спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан СӘТТІБАЙ, танымал ақындарҰлықбек ЕСДӘУЛЕТ пен Аққұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА қатысады. Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрі оның өзі шығарған «Дүние дәурен, дүлдүлім» атты термесін орындайды. Оның өзге де шығармалары жергілікті әртістердің орындауларында шырқалады. Ө.Жанбаланың өзі де Құрманғазының «Терісқақпайы», Жантөренің «Шалқымасы», Қазанғаптың «Бозжорғаның бөгелек қағуы» секілді бірнеше күйлерді орындайды.
Басталуы - 19.00. Кіру тегін.
Айнұр САПАРОВА