Үндістан ғарышқа астронавтар апаратын капсуласы мен осы кезге дейінгі ең үлкен зымыранын сәтті ұшырды.
Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымының хабарлауынша, ол елде жасалған капсуланы 630 тонналық GSLV MK-III зымыраны желтоқсанның 18-і күні елдің оңтүстігіндегі Бенгаль түбегінде орналасқан Шрихарикота космодромынан алып ұшқан.
Капсулада ғарышкер болмағанымен, ол ғарышқа үш адам алып ұша алады. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жаңа зымыран ғарышқа салмағы төрт тонна болатын спутниктерді де жеткізе алады.
Үндістан ғарыштық зерттеулер ұйымы ғарышқа астронавт ұшыру үшін үкіметтен қаржылай көмек сұрап келеді.
Үндістан қыркүйек айында Марс орбитасына спутнигін шығарған. Бұл елдің 2017 жылы Айға аппарат қондыру жоспары бар.
Дереккөз. Азаттық радиосы