Атырау, 25 қараша 05:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Лукашенко Ресеймен сауда-саттықты доллар және еуромен жүргізуді тапсырды

1 238 просмотра
Беларусия президенті Александр Лукашенко өз үкіметіне Ресеймен сауда-саттықты доллар және еуромен жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ВВС.

 «Ресеймен сауданы рубльмен емес, біз энергия көздері үшін төлеп отырғандай, доллармен жүргізу туралы міндет қойылды», - деп мәлім етті Беларусия президенті А.Лукашенко үкіметтік жиын барысында.

Оның айтуынша, Ресеймен баяғыдан тұрақты валютада – доллар және еуромен жұмыс істеу керек еді.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, Беларусия Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында Ресеймен есеп айырысу операцияларының жартысын рубльмен, қалған 40%-ын доллармен жүргізеді.

Ресей рублі соңғы уақыттары құнын жоғалтып, шамамен екі есеге құлдырап кетті. Бұл Ресей айналасындағы көршілес елдердің экономикасына да өз салқынын тигізбей қоймауда.

Дереккөз: bnews.kz

18 желтоқсан 2014, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.