Грекия Парламенті дауыс берудің бірінші турында Президентті сайлай алмады, деп хабарлады Би-би-си.
Президент орынтағына ұсынылған бұрынғы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі еурокомиссар Ставрос Димасқа қажетті 200 дауыстан 40 дауыс жетпей қалды.
Дауыс берудің екінші және үшінші туры 23 және 29 желтоқсанда өтеді. Егер президент сайланбаған жағдайда, парламент таратылатын болады.
Дереккөз:ҚазАқпарат