Атырау, 27 қараша 23:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Оқиғалар тізбегі

2 864 просмотра

Полицияға Геолог поселкесінің тұрғыны Исатай ауданында тұратын 25 жастағы танысының оған тиесілі «Тойота-Камри-35» көлігін өз атына қайта ресімдеп, ақшасын беруге асықпағанын мәлімдеді. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Ганюшкин поселкесінің тұрғыны полицияға 35 жастағы ауылдасының оның сарайынан үш сиырын алып кеткендігіне шағымданды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Исатай ауданы Зинеден ауылының маңындағы теңіз жағасынан АІІБ қызметкерлері «Орал» мотоцикліне мінген 32 жастағы ер адамды ұстады. Көлік құралынан 4 центнер сазан табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Балықшы поселкесінің 33 жастағы тұрғынына іздеу жарияланды. Ол 23 жастағы жұмыссызды жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, одан 100 мың теңге алып, ғайып болған.

***

 

Привокзальныйдағы жалдамалы пәтерде бес адам бір адамға жабылып, оның әмиянын, банкомат кәртішкесін, ұялы телефонын, аяқ киімі мен 2 мың теңгесін алып кеткен. Тонаушылардың бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

 

Желтоқсанның 12-нде Атырауда екі әйел өздерін учаскелік полицейміз деп таныстырып, 39 жастағы әйелден 10 мың теңгесі мен 228 мың теңге сомадағы заттарын алып кеткен. Жалған полицейдің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақтарды зардап шегуші таныды.

***

 

Полицияға 47 жастағы қала тұрғынына 7 арыз түсті. Ол коммуналдық баспана алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, ақша алып, ғайып болған. Алаяқ барлығы 7 млн-нан астам сомада «олжа» тапқан. Ол ұсталып, қылмыстық іс жеңілдетілген тәртіппен сотқа жолданды.

***

 

Жылыой ауданының тұрғыны 10 қарашада кейінірек төлеуге уәде беріп, Махамбет ауданының үш тұрғынынан 1 сиыр, 4 жылқы және 4 түйе алып кеткен. Бірақ сатушылар ақшаларын алмаған. Күдікті ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.