18 желтоқсанда Атырау облысына Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары мен жоғары шенді шенеуніктер делегациясы келеді. Екі күн бойына олар ҚР Президентінің "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында облыс тұрғындарымен кездесетін болады.
Ақпараттық топтың құрамында ҚР энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИН, ҚР Әділет министрінің орынбасары Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Cерік ЖҰМАНҒАРИН, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары – Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, Қайрат ИЩАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Асхат БЕКЕНОВ, Серік СЕЙДУМАНОВ, Меруерт ҚАЗБЕКОВА, Еркін ШПАНОВ және басқалары бар.
Түсіндіру жұмыстарынан басқа ақпараттық топ мүшелері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды:
- Атырауда 20 желтоқсанда сағат 11.30-да Балықшы селолық округі әкімдігінің акт залында және Тайманов атындағы орта мектептің акт залында;
- Геолог селолық округінде 20 желтоқсанда сағат 11.30-да №36 орта мектептің акт залында;
- Исатай ауданында – 20 желтоқсанда сағат 15.00-те, Забурын селосындағы Мәдениет үйінің залында;
- Махамбет ауданында – 20 желтоқсанда сағат 10.00-де, Алмалы селосы, Мәдениет үйінде.
Тамара СУХОМЛИНОВА