Атырау, 15 ақпан 16:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Борышкерлер қарыздарын өтеді

2 027 рет қаралды

Атырау облыстық әділет департаменті «Қарызыңыз бар ма, азамат?» акциясының шеңберінде 3 млн теңгедей соманы өндіріп алды.

- 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында өткен акция төлемнен жалтарған борышкерлерден мәжбүрлі түрде әкімшілік айыппұлдар өндіріп алуға бағытталған. Сот орындаушыларда 2009-2014 жылдар аралығында 4800-ден астам атқару өндірістері бар. Олар бойынша жалпы бережақ сомасы 71 млн теңгеден астам қаржыны құрады, - дейді әкімшілік айыппұлдарды өндіру бөлімінің басшысы Айгүл МЕҢДАЛИЕВА.

Әкімшілік полициямен бірге сот орындаушылар борышкерлердің үйлеріне келіп, олардың көліктерін тоқтатты, ХҚКО қызметіне жүгінген азаматтардың арасынан анықтады.

- Біз 500-дей пәтерді аралап шықтық. Жол бойына екі арнайы пост қойылды, - дейді А.Меңдалиева.– Акция кезінде 130 өндіріс орындалып, мемлекет кірісіне 2 млн 700 мың теңге өндіріліп алынды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

15 желтоқсан 2014, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.