15 желтоқсанда 60 отбасы Балықшыдағы Қожақаев, 21 және Бейбітшілік, 70 мекенжайындағы екі жаңа үйден пәтерлердің кілтін алды.
Әр үйде 30 пәтерден. Кезекте тұрғандарға кілтті қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ табыстады. Аз қамтылған 11 отбасы, бюджет қызметкерлерінің 28 отбасы, апатты үйлердегі 9 отбасы және интернат үйінің 12 түлегі қоныстой тойлады.
«Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Кезекте тұрғандарға арналған баспана» бағыты бойынша биыл Атырауда 822 пәтерге 14 үй тапсырылды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор