Атырау, 28 қараша 00:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Пәтер төлемақысы көтеріледі

2 420 просмотра

Қалалық ПИК-тер қауымдастығының төрағасы Гүлнәр САЛИХОВАҚалалық ПИК-тер қауымдастығының төрағасы Гүлнәр САЛИХОВА.Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті департаментінде (бұрынғы облСЭС) өткен «дөңгелек үстелде» Қалалық ПИК-тер қауымдастығының төрағасы Гүлнәр САЛИХОВА баяндама жасады.

Оның айтуынша, пайдалану шығындарының тарифін бір шаршы метр үшін 25-тен 30 теңгеге дейін көтеру (ПИК тарифі тұрғындар жиналысында бекітіледі) жөнінде ұйымдастыру жұмыстары басталған. Өйткені қолданыстағы тарифте 2007 жылдың бағалары енгізілген. 2012 жылдың бағалары бойынша орташа тарифтің есебі 72 теңгені құрады. Сондықтан ПИК төрағаларына 2000 жылға дейін салынған үй тұрғындары үшін тарифті 1 шаршы метр үшін 30 теңгеге дейін; тұрғын емес орынжайлардың меншік иесі үшін 70 теңгеге дейін; 2000 жылы және одан кейін салынған үй тұрғындары үшін 35 теңгеден 100 теңгеге дейін көтеру ұсынылған. Оған қоса, ПИК басшысы өз баспанасын жалға тапсыратындар «пәтер төлемақысын» заңды тұлға ретінде төлесін деген бастамамен шықты.

- Борышкерлерге қатысты талап-арыздар бойынша сот шешімдерінің орындалуы жылдарға созылып кетеді. Бұдан келіп ПИК салықты дер кезінде төлей алмайды, жөндеу жүргізу үшін материалдар сатып алу, жалақыны төлеу кешеуілдейді, кадрлар тұрақтамайды. Мен заңнамаға ПИК қызметкерлеріне борышкерлерге электр энергиясын жеткізуді шектейтін, қарапайым тілмен айтқанда, «Атырау-Жарық» АҚ жасайтындай, подъездегі электр қалғандарынан олардың пәтерлеріне жалғанған сымдарды қиып тастауға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізуді ұсынамын.

2013 жылдың басында ПИК-тер жеңілдікпен салық төлеуден жалпы салық төлеуге көшті. Салихованың пікірінше, бұл қателік. Өйткені тұрғын үй кооперативтері – коммерциялық емес ұйымдар, тұрғындар кассаға кірістерді емес, мүшелік жарналарды әкеледі.

Кооперативтер төрағаларына үй аумағындағы қоқыс үшін айыппұл салады. Салихованың айтуынша, іс жүзінде бұл мемлекеттік аумақ, әділдік үшін айта кету керек, керісінше, қалалық әкімдікке 2015 жылдың бюджетіне ПИК-тің аула тазалаушылары атқаратын жұмыстардың ақысын төлеу үшін ақшалар салғаны жөн еді.

Ол қалалық билікке жыл сайын тұрғын үйлердің подъездерін масалардан зарарсыздандыратындығы үшін алғыс білдірді. Кооперативтердің бұл жұмыс үшін ақшалары жетпес еді. Алайда егеуқұйрықтарды құрту жұмыстары тоқтатылған. Қазір жертөлелерде кеміргіштер тым көбейіп кеткен.

Баланста жоқ жылу және ыстық сумен қамту жүйелеріне қызмет көрсету ПИК-ке олар құрылған уақытта – 17 жыл бұрын жүктелді. Кооперативтерді басқарудың бірінші торабына дейін, яғни вентильге дейін қызмет көрсетуді міндеттеді. Біріне үйден 20 метр, енді біріне 50 метр қашықтықтағы вентильдер тиесілі болды. Қазір ПИК-тердің көпшілігі басқару тораптарын тұрғын үйлердің жертөлелеріне көшірді. Бірақ қалған иесіз тұрбаларға бұрынғыша қызмет көрсетуде. Өйткені олар «Атырау жылу жүйелері» АҚ жарғылық қорына уақытында енбеген. Қалалық әкімдік оларды жөндеу үшіне бюджетке ақша салып, оны жүргізуді монополистің міндетіне жүктеуі қажет, деп есептейді ПИК Қауымдастығы басшысы.

Мұат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

15 желтоқсан 2014, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.