Атырау, 25 қараша 05:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейде түрмеден шыққан пефодилдерді спутник арқылы бақылау ұсынылды

1 549 просмотра

Ресей Федерация кеңесінің мүшесі Антон Беляков түрмеден шыққан педофилдерді спутник арқылы бақылауды ұсынды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Ол сотталғандардың қолына шешілмейтін қондырғы тағуды ұсынады.

"Медициналық тәжірибе педофилияның жазылмайтын дерт екенін анықтады, ол - ақыл-естің кемістігі. Статистикаға қарайтын болсақ, кәмелетке толмаған балаларды зорлап, жазасын өтеп шыққандардың 97 пайызы бұл қорлықты қайта қайталайды", - дейді сенатор.  

Сондықтан педофилдердің қолына шешілмейтін қондырғылар орнату арқылы бұл қылмыстың санын азайтуға болады, деп сенеді Беляков. Қондырғы спутник жүйесімен басқарылады. Алайда бұл тек ұсыныс қана, ал заң жобасы әзірге бекітілген жоқ. Егер қабылданатын болса, Ресейде педофилдердің бірыңғай жеке мәліметтер ақпараттық базасы құрылады, ал әрбір учаскелік полицей тұрғындарға сол өңірде түрмеден шыққан педофил тұратыны туралы хабардар етуге міндеттеледі. 

Айта кетейік, қазіргі таңда педофилдерді электронды бақылау жүйесі АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Эстония және Оңтүстік Корея елдерінде бар.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 желтоқсан 2014, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.