Қазіргі уақытта Қытай елінде сенім үдесінен шықпайтын, 700 мыңнан астам адам "қара тізімге" енген екен. Бұл туралы Сот комитетінің мүшесі, Қытай Жоғарғы халықтық сотының атқарушы басқарма басшысы Лю Гуйсян мәлімдеді, - деп хабарлайды "Синьхуа".
Сенбі күні Пекиндегі транспорт университетінде өткен қоғамдағы сенімді қалыптастыру мәселесіне арналған форумда Лю Гуйсян 2013 жылдың 1 қазанынан бастап елде сот шешімін орындаудан бас тартқан адамдардың тізімі шыға бастағанын айтты.
Оның айтуына қарағанда, "қара тізімге" енген адамдарға несие алуға тапсырыс беру және несие алу, әуежай билеттері мен поездағы люкс санатындағы билеттерге тапысырыс беру шектеледі.
"Қара тізім" жүйесі енгізілгеннен бастап елдегі бұл тізімге енген тұрғындардың 20 пайызы сот шешімін орындаған екен.
Дереккөз: tengrinews.kz