11 желтоқсанда қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ селолық округтердің әкімдеріне және «Арнаулы автобаза» КМК өкіліне бірнеше арнайы техниканы салтанатты түрде табыстады.
Селолық округтер тіркемесі бар жеті трактор, «Арнаулы автобаза» қоқыс полигонына арналған КамАЗ алды. Оларды сатып алуға қалалық бюджеттен 50 млн теңге бөлінді. Қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ атап өткендей, санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілгенде немесе қысқы қар жауған кезде селолық округтер «Арнаулы автобаза» немесе басқа кәсіпорындардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. Енді олар өздіктерімен жұмыс істей алатын болды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор