Атырау, 25 қараша 05:30
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ сенаты "Украинаны қолдау актісін" мақұлдады

1 417 просмотра

АҚШ сенаты Украинаға әскери көмек көрсету және Ресейдің қорғаныс саласындағы кәсіпорындарына салынған санкцияларды күшейту туралы заң жобасын қабылдады. "Украинаның еркіндігін қолдау туралы актіні" Демократиялық партия атынан сенатор Роберт Мендес пен республикашылдар атынан сенатор Боб Коркер дайындаған.

Қыркүйекте сенаттың халықаралық істер жөніндегі комитеті заң жобасын бірауыздан мақұлдаған. Конгрессмендер жаңа жылда демалысқа кететіндіктен, парламенттің бұл заң жобасын жалпы талқылауға шығаратыны, я шығармайтыны белгісіз болып отыр.

Заң жобасында Украинаға 350 миллион АҚШ доллары тұратын әскери көмек беру; елдің энергетикалық секторына қысқа мерзімде 50 миллион АҚШ доллары көлемінде жәрдем көрсету; Украина, Грузия және Молдоваға АҚШ-тың "НАТО-ға кірмейтін ерекше одақтастары" деген мәртебе беру қарастырылған.

Президент Барак Обаманың әкімшілігі осы күнге дейін Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуден тартынып келген.

Дереккөз: azattyq.org

12 желтоқсан 2014, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.