Атырау, 3 қаңтар 15:48
 ашықВ Атырау +1
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Никитенко «Атыраудың» бас бапкері болып қалады

1 417 просмотра

«Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, клуб пен команданың бас бапкері Владимир НИКИТЕНКОНЫҢ арасында келісімшартты ұзарту туралы келісімге қол жеткен.

18-26 желтоқсан аралығында Алматыда өтетін команданың бірінші оқу-жаттығу жиынында қажетті құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Жиында жаттығудан бөлек, үміткерлер ретінде негізінен дубль құрамынан, сондай-ақ басқа қазақстандық командалардан бірқатар футболшылар қарастырылатын болады.

Естеріңізге салсақ, В.Никитенко «күміс» алған 2001-2002 жылдары Ваит ТАЛГАЕВТЫҢ көмекшісі болды. Әрі қарай оның жетекшілігімен «Ақтөбе» командасы Қазақстан чемпионы (2013) және Қазақстанның суперкубогының иегері (2014) атанды. Ол «Атырауға» биылғы шілде айының аяғынан бері басшылық етіп келеді. Жаңа шарттың қолданыс мерзімін баспасөз қызметі әзірге нақтылаған жоқ. 2014 жылдың маусымдық ойынында «Атырау» 12 команданың ішінде 9-шы орынды иеленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

11 желтоқсан 2014, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS