Атырау, 25 қараша 05:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай экономикасы жағынан АҚШ-ты басып озды

5 304 просмотра

Соңғы көптеген онжылдықтар бойына АҚШ бірінші рет әлемдегі экономикасы ең күшті ел мәртебесінен айырылып қалды. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының дерегіне сүйенген FoxNews хабарлады.

Енді дүние жүзіндегі экономикасы бәрінен жылдам дамыған ел атағы алғаш рет Қытайға көшті. Қытай әлемнің нөмірі бірінші елі атанды. Бірақ әзірге бұл ел азаматтарының орташа табысы америкалықтарға қарағанда төмендеу болып отыр.

Қытайдың 2014 жылғы ұлттық экономикалық өндірісі 17,6 трлн долларды құраса, АҚШ-та бұл көрсеткіш 17,4 трлн доллармен шектелді.

Ал бұдан бар-жоғы 14 жыл бұрын Құрама Штаттарда өндіріліетін тауар көлемі Қытайға қарағанда 3 еседей көп еді. Қазір Қытай әлем экономикасының 16,5 пайызына ие болып отыр. Мұндағы АҚШ үлесі 16,3 пайыз болады.

Аталмыш басылым сондай-ақ Қытай азаматтарының табыстары неге бәсекелес елден кем болып отырғанын да түсіндіре кетеді. Мұны мынадан да байқауға болады. Айталық, Шанхайда тігілген жейде Сан-Францискода шығарылған дәл сондай тауардан әлдеқайда арзанға сатылады.

Financial Times мәліметі бойынша, қазір Қытайдың экономикасы дүние жүзіндегі ең алдыңғы сапта екенін айтқанмен, елдің өзін ең бай деп айтуға болмайтынын да жазады. Онда ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда бұрынғысынша төмендеу. Ол АҚШ-тағы көрсеткіштің төрттен біріне ғана сәйкес келе алады.

Дереккөз: bnews.kz

 

10 желтоқсан 2014, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.