Атырау, 9 желтоқсан 06:27
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

1 қаңтарға дейін дөңгелек ауыстыру керек

3 076 рет қаралды

Желтоқсанның ортасы болып қалса да, алдымыздағы жылдың 1 қаңтарынан бастап жол полициясы өз автокөліктеріне «қысқы» тегершік салмағандарға айыппұл салатынын көп адам біле бермейді.

Бұл 2015 жылдың басынан бастап Кедендік одақ едерінде автокөліктерді пайдалануға қойылатын жаңа талаптар күшіне енеді.

- 1 қаңтардан бастап жазғы тегершіктерді қыста, шегелері бар дөңгелекті жазда пайдалануға тыйым салынады,- дейді ІІД әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Асылбек БОРАНБАЕВ. – Сонымен қатар, тегершіктер протекторларының желінген тереңдіктеріне де шектеу енгізіледі. Жазғы резинада протектордың биіктігі 1,6 миллиметр, қысқыда 4-тен кем болмауы қажет. Тегершіктердің талапқа сәйкес келмеуі көліктің ақаулығы тізбесіне қосылады және пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар, 5 АЕК көлемінде айыппұл да қарастырылған.

Анастасия ПАСТУХОВА

8 желтоқсан 2014, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.