Біздің azh.kz сайтымызда 6 мыңнан астам көруші жинаған «Инспектор в Атырау» бейнежазбасының авторы, жүргізуші Сергей РУДИЧ қолынан телефонды жұлып алған жол-патрульдік қызметінің инспекторына қатысты қалалық прокуратура тарапынан шара алынбай жатқандығы туралы шағыммен редакцияға хабарласты.
Қала прокуроры Нұрлан ҚАРАШОЛАҚТЫҢ атына жазған жүргізушінің арызында 8 қазанда кешкісін «Көктем» базарына қарсы оны жол полицейлерінің қалай тоқтатқандығы жөнінде толық жазылған. Ол жол-қозғалыс ережесінің бұзылғандығына дәлел ұсынуды талап етіп, бейнетіркегішті бұрып, түсіре бастаған. Содан соң ол ұялы телефонының камерасына да түсіре бастапты. Сол кезде полицей жүргізушінің қолынан телефонды тартып алып, өзінің қызметтік көлігіне барып, түсірілген кадрларды кетіріп тастайды. Жүргізуші прокуратураға шағымданып, арызға бейнетіркегіш түсірген кадрлар құйылған флешканы жалғаған.
Редакцияда Сергей келесі күні оқиғадан соң ҚІІБ-не барып, бақылау камерасының түсірілімімен танысқанын айтты. Шынымен де, ол жаяу жүргіншіні өткізбепті, ол мұны мойындап отыр. Бірақ бұл инспектордың әрекетін ақтап алмайды.
- Жол полициясы инспекторын бассыздығы үшін жазалағанын қалаймын, құқықтық елде өмір сүріп жатқанымызды білсін, - дейді С.Рудич.
17 қарашада біз осы оқиғаны реттеу өтінішіменоблыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВТЫҢ атына хат жолдаған едік. Сол бойда облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Руслан ҚҰЛМҰХАНОВТАН жазбаша түрде тексеру нәтижелері хабарланатындығы туралы жауап келді. Бірақ тәртіп сақшылары асығар емес...
8 желтоқсанда редакцияға Атырау қалалық ІІБ бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТЫҢ қолы қойылған хат келді. Онда былай делінген: «Атырау қалалық сотының ағымдағы жылдың 7 қарашасындағы қаулысына сәйкес, Атырау қалалық ІІД жол-патрульдік қызметінің инспекторы М.Қангерейұлының әрекеті заңды деп танылды. Азамат С.В.Рудичтің шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды».
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ