Алматыда ерлер мен әйелдер арасында Республикалық бодибилдинг және фитнес федерациясының кубогы сарапқа салынды.
Жарысқа 37 спортшы қатысты. Атыраулық атлеттер үш медаль ұтып алып, жеңіс тұғырынан көріне білді. 100 келіге дейінгі салмақта «Оранж» фитнес клубының нұсқаушысы Николай Котов «алтын» алса, 70 келіге дейінгі салмақта YKK компаниясының құтқарушысы Александр Любин қола жүлдегер атанды. «Атлет-физик» санатында тағы бір «қоланы» қоржынымызға «Оранж» фитнес-клубының нұсқаушысы Роман Иващенко әкелді. Нәтижесінде облыс құрамасы 3-командалық орынға табан тіреді.
Енді С. Передистый жетекшілік ететін облыс құрамасы наурыз айында Ақтау қаласында өтетін Маңғыстау облысының ашық чемпионатына және мамырда Алматыда өтетін ҚР чемпионатына дайындалып жатыр.
***
Атырауда 2003-04 және 2005-06 ж.т. жасөспірімдер арасында 1-БЖСМ-нің (Привокзальный) 60 жылдығына арналған еркін күрестен облыстың ашық біріншілігі өтті.
Анықтама үшін: Атырау қаласындағы ірі спорт мектептерінің бірі - 1-БЖСМ 1954 жылы ашылған (алғашқы директоры – Николай Тен). Бастапқыда бұл мектепте жүзге жуық гимнастшы, теннисші, баскетболшылар, қайық есушілер, жүзгіштер шұғылданды. 2008 жылы Привокзальныйда 1-БЖСМ-нің қазіргі ғимараты салынды және мұнда қазір мың жарымға жуық жан спорттың он түрімен айналысады. Мұнда 10 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 92 ҚР спорт шебері тәрбиеленді.
Жарысқа Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының қалалары мен аудандарының командалары қатысты. Командалық есепте 1-орынды 1-БЖСМ, 2-ші және 3-орындарды, сәйкесінше, Батыс Қазақстан облысы және Ақтөбе қаласының командалары алды. 1-БЖСМ жас палуандарын А.Сарбаев, А.Жаманбаев, А.Лекеров, Д.Қабдолов, М.Нұрлыбеков және К.Жексемалы жаттықтырады.
***
Атырауда 2001-03 ж.т. жасөспірімдер арасында 1-БЖСМ-нің 60 жылдығына арналған самбодан облыстың ашық біріншілігі өтті.
Жарысқа 1-БЖСМ, 4-БЖСМ, Махамбет және Исатай аудандарының командалары қатысты. Жеңімпаздар мыналар: 24 келіге дейін – Мұхаммед Дидарұлы, 27 келіге дейін – Айбек Есенов, 30 келіге дейін – Алмаз Пастухов, 33 келіге дейін – Айбек Құсанов, 35 келіге дейін – Нұрқанат Серікбаев, 38 келіге дейін – Мәдениет Құлманов, 42 келіге дейін - Қайырғали Қуандықов, 46 келіге дейін - Нұрлан Ізмұхан, 50 келіге дейін – Есет Сәуірбай, 55 келіге дейін – Нұрлыбек Аманқосов, 55 келіге дейін – Ринат Қосжанов. Спортшыларды К.Досқалиев, К.Табынбаев, Е.Төлеген, Ж.Иманбаев, А.Жұмағалиев, А.Азимов, Ринат Лаев (4-БЖСМ) және А.Қабенов (Махамбет ауданы) дайындады.
Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ