ҚР мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы әрекет ету агенттігінің төрағасының бұйрығымен Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы лауазымына 1964 ж.т. Марат Мұратұлы АХМЕТЖАНОВ (суретте) тағайындалды.
Бұрын ол ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жем-қорлықпен күрес агенттігі төраға-сының (қаржы полициясы) орынбасары болып жұмыс жасады.
Сондай-ақ, оның екі орынбасары да тағайындалды: 1951 ж.т., бұрын ҚР мемлекеттік қызмет агенттігінің Атырау облыстық басқармасы басшысы болған Мұхит Кәрімұлы Ізбанов және 1970 ж.т., бұрын Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында қаржы полициясы органдарында басшылық қызмет атқарған Нұрлан Дәулетұлы Қамбатыров.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ