Атырау, 3 қазан 22:19
 ашықВ Атырау +17
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Оқиғалар тізбегі

1 803 просмотра

Қарашаның 22-де кешкісін Атырау қаласындағы массаж салондарының бірінде клиент массаж жасаушыны зорлап, оның ұялы телефонын тартып алған. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Г.Мұхтарованың айтуынша, үш тәулік өткен соң криминалды полиция күдікті – Атырауда уақытша тұрып жатқан Ақтөбе облысы Ойыл ауданының 26 жастағы тұрғынын ұстады. ҚР ҚК-нің 120-бабы («Зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

 

Привокзальный тұрғыны полицияға өткен жылдың наурыз айында 34 жастағы танысының коммуналдық пәтер алуға көмектесем деп уәде беріп, одан 1,65 млн теңге алып, ғайып болғандығына шағымданды. Ал бұл күдікті басқа алаяқтық фактілері бойынша тергеуге алынған еді, қазір тергеу изоляторында қамауда жатыр.

***

 

Говоров көшесіндегі құрылыс базасынан ілеспе құжаттарсыз құрылыс материалдарының партиясын алып кетуге тырысқан 42 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қылмыс үстінде ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Белгісіз біреу 26 қарашада Тайманов көшесінің бойындағы көлік жөндеу стансасы аумағынан «Лада» ВАЗ-21154 көлігін ұрлап кетті. Тергеу жүргізілуде.

***


Қарашаның 27-не қараған түні облыстық балалар ауруханасының ауруларды қабылдау бөлмесіне табиғи газдан уланған төрт ересек адам мен үш бала жеткізілді. Ересектерге кейін облыстық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, балалар педиатриялық бөлімшеге жатқызылды.

***

 

Полицияға Лесхоз ықшамауданының 38 жастағы тұрғыны хабарласты. Белгісіз ер адам 10-15 қараша аралығында оның пәтеріне жөндеу жүргізуге уәде беріп, алдын ала төлем ретінде 15 мың теңге мен «Тошиба» ноутбугын алып, ізім-ғайым болған. Алаяқтық жасады деп күдіктелген адамға іздеу жарияланды.

***

 

Томарлы селосының тұрғыны өткен жылдың ақпанында Авангардта тұратын 37 жастағы танысының мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп, одан 20 мың доллар алып, ғайып болғанын полицияға мәлімдеді. Ал күдікті алаяқтықтың басқа фактілері бойынша тергеу изоляторында тергелуде. Өткен жылдың мамырында Томарлы селосында 53 жастағы ер адамның «пәтер үшін» бір миллион теңге беріп, сол алаяқтың құрбаны болғаны анықталды. 

***

 

Қарашаның 27-де кешкісін Атырау-Астрахань тас жолында ВАЗ-212180 «Фора» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жол бойында тұрған түйеге соқтығысқан. Жүргізуші облыстық ауруханаға жеткізіліп, кешікпей алынған зақым салдарынан көз жұмды.

***

 

Полицияға Құлсары қаласының 28 жастағы тұрғыны хабарласты: ол Өзбекстанның екі азаматына пәтер жалдаған екен. Ал олар балконда жатқан өзіне тиесілі 8 көлік дөңгелегін сатып жіберген. Күдіктілер ұсталды.

***

 

Желтоқсанның 3-іне қараған түні Астрахань-Атырау тас жолында Санкт Петербордан Өзбекстанға бағыт алған «Мерседес» микроавтобусы электр бағанына соқтығысқан. Салонда 19 жолаушы болған. 46 жастағы әйел адам зардап шегіп (аяғы сынып), ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Жолаушылар өздеріне ұсынылған басқа микроавтобусқа ауысып отырды.

4 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.