Атырау, 5 желтоқсан 10:47
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Әскерге емес түрмеге кетті

2 263 рет қаралды

24 қарашаға қараған түні Привокзальныйдағы 5 қабатты үйлердің бірінің жанынан қатты соққыға жығылған жас жігіт табылды. Ол есін жимастан ауруханада көз жұмды.

Кейінірек марқұмның 21 жастағы Исатай ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Криминалдық полиция күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар қала маңындағы Дамбы поселкесінің 18 жастағы тұрғыны мен Құрманғазы ауданын Ганюшкин селосының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Бір қызығы, соңғысы екі күннен кейін әскер қатарына кетуге тиіс болыпты. Оны облыстық әскери комиссариаттың әскерге шақыру орнынан ұстады.

ҚР Қылмыстық кодесінің 103-бабының 3-тармағы («Абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтiру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жігітті бұзақылық пиғылмен өлтіргені анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 желтоқсан 2014, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.