Ливанда сейсенбіде ұсталған әйел адам «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының көшбасшысы Әбу Бәкір әл-Бағдадидың әйелі емес болып шықты деп хабарлайды ТАСС Ирак ІІМ өкілдеріне сілтеме жасап.
Ливандық БАҚ мәліметтері бойынша, жақында ливандық-сириялық шекарасында әл-Бағдадидың әйелі және ұлдарының бірі ұсталған, олар жалған төлқұжатпен шекарадан өтпекші болған. Олар Бейрутқа жауап алу үшін жеткізілді.
«Ас-Сафир» газеті хабарлағандай, ұстау бойынша операция «шетелдік арнайы қызметтермен» бірлесіп, шекарадан өтпек болған кезде жүргізілген.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.