- Тиісті емес жерлерден жолды кесіп өтіп жататын жаяу жүргіншілерді жазалауды қашан бастайды? Жол апатына көбіне солар кінәлі болып жатады емес пе? Кейде жақын маңда тұрған автоинспектор тәр-тіп бұзушы жаяу жүргін-шіні көрсе де көрмегендей болып, теріс қарай салатындары да жоқ емес.
Телефон арқылы
Сауалға ІІД ЖПБ Жол-патрульдік қызмет бөлімше-сінің бастығы Талғат МАРДЕНОВ жауап береді:
Тиісті емес жерден жолды кесіп өту ЖҚЕ-сін бұзудың кең тараған түрі. Жыл басынан бері облыс бойынша 644 жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Біздің инспекторларымызға күн сайын жаяу жүргіншілер тарапынан болатын тәртіп бұзушылықтарға ескерту беру керектігі жүктеліп отырады. Алайда, атап айта кету керек, бұл проблеманы шешу мектеп пен ата-ананың, жұртшылықтың көмегінсіз бір ғана жол полициясының қолынан келе қоймасы анық.