Атырау, 25 қараша 05:39
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Испания Денсаулық сақтау министрі жемқорлыққа байланысты қызметінен кетті

2 445 просмотра

Испанияның Денсаулық сақтау министрі Ана Мато отставкаға кетті. Судья оны заңсыз келісімдерден пайда тапты деп айыптады. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Оның күйеуі де жемқорлық іске қатысты дауға шырмалған. Нақтырақ айтқанда, елдегі жетекші Халықтық партиямен байланысты өте ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қатысты қозғалған істе оның күйеуі Хесус Сепульведаның да аты аталады. Бірақ, Матоның өзі ол іске қатысты емес екенін мәлімдеді. Ол өз сөзінде ешқандайда қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, отставкаға мемлекеттің мүддесі үшін кетіп бара жатқанын жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 қараша 2014, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.