Атырау, 16 сәуір 10:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26

Молдавияда сайлау кезінде елді арандатпақ болды деген күдікпен 5 адам қамалды

1 616 рет қаралды
Молдавияда елдегі парламент сайлауы қарсаңында дау шықты. Кишинев қаласында сайлау кезінде жағдайды ушықтырып, қоғамды арандатпақ болды, деген күдікпен 5 адам қамауға алынды, деп хабарлады dw.de.

«Полиция 30 қарашада болатын парламент сайлауы кезінде қоғамдағы тұрақтылықты бұзбақ болды деген күдікпен 5 адамды ұстады. Осыған байланысты 15 пәтерді тінту кезінде Молдава, Ресей, тағы басқа да елдердің валютасындағы ірі сомада қаражат тәркіленді», - деді Кишинев қаласының прокуроры Виорел Морарь.

Мұндай қауіп туралы Молдавия полициясының Бас инспектораты бастығының орынбасары Георгий Квакалюк та мәлімдеме жасап, сайлауда арандатушылық жасауға дайындық жүргенін жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 қараша 2014, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.