Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж Google АҚШ мемлекеттік департаментіне жұмыс жасайды деп мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС агенттігі.
Американдық Google компаниясы шын мәнісінде АҚШ үкіметіне жұмыс жасайды, нақты айтқанда - мемлекеттік департаментке. Мұндай әшкереушілік WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанждың 1 желтоқсанда жарыққа шығатын кітабында бар», - делінген бейсенбі күнгі хабарда. Бұл ретте Д.Ассанждың айтуынша, компания арнайы қызметтерге пайдаланушылардың жазысқан хаттарын беретіні айтылады.
«Ассанждың айтуынша, іздестірушінің ие-компаниясы ФТБ мен ОББ (ФБР и ЦРУ) мекемелеріне өздерінің пайдаланушыларының электрондық пошта арқылы жазысқан хаттарын шектеусіз беріп отырады.
Ведомство қызметкерлері ондай рұқсатты прокуратура рұқсатынсыз немесе сот шешімінсіз кез келген полиция учаскесінде ала алады, деп болжайды WikiLeaks негізін қалаушы», - деп жазады басылым.
Хабарда айтылғандай, Д.Ассанждың «Как Google нашел WikiLeaks» («Google қалай WikiLeaks-ті тапты») кітабының таныстырылымы Мадридте 3 желтоқсанда болады. Шара кезінде «дөңгелек үстел» өткізіп, және Интернет арқылы Ассандждың өзімен байланыс сеансын өткізу жоспарланған. Ол сол байланыс кезінде барлық сұрақтарға жауап беріп, жаңа әшкерелеулерге қатысты толық жауап бермекші.
Еске салсақ, 22 қарашада Эквадор Wikileaks ұйымының негізін қалаушы Джулиан Ассанжға баспана беру мерзімін ұзартты.
Бұрын хабарланғандай, швед прокуратурасы 2010 жылы Швецияның екі азаматшасына қарсы жыныстық сипаттағы бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін деген күдікпен аустралиялықты қамауға алуға тырысып бағуда.
Күдіктінің өзі болса кінәсін толығымен жоққа шығарып отыр. Д. Ассанждың қамауына еуропалық ордердің 2010 жылдың 2 желтоқсанында берілгеніне қарамастан, ресми айыптаулар әлі күнге дейін тағылмаған.
Адвокаттар Wikileaks басшысының Эквадор билігіне жүгінуінің себебі Д. Ассанждың оны Эквадордың АҚШ-қа экстрадициялап жіберу қаупінде екенін атап өтуде, ол жақта оны тыңшылық жасап, мемдепартамент құжаттарын санкцияламай жариялағаны үшін ұзақ абақты мерзімі мен потенциалды өлім жазасы күтіп тұр.
Еске сала кетейік, 25 маусымда аустралиялық журналист 2014 жылғы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығына лайық болды. Оған «Журналистік тергеу» аталымының иегері дипломы жіберілді.
18 тамызда Д. Ассанж жақын арада Лондондағы Эквадор елшілігін тастап шығу ниеті жайлы мәлімдеді.
Дереккөз: ҚазТАГ