Атырау, 21 желтоқсан 15:32
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

1 501 просмотра

Астраханда 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер арасында баскетболдан «Каспий – достық теңізі» халықаралық турнирі өтті. Оған Қазақстан, Ресей және Түркіменстан елдерінің командалары қатысты. 

Жарыста еліміздің намысын Саламат Торғаев бастаған атыраулық команда қорғады. Балалар өте сәтті өнер көрсетіп, 1-орын алды. Турнирдің үздік ойыншысы атағын да атыраулық Нұртас Төлебаев иемденді. 

Спортшылар қолдау көрсеткені үшін облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасына және «Әлішер» ЖШС-іне (Саламат Төлеуов) алғыс айтады. 

***

 

Шымкентте дзюдодан ел чемпионаты өтті. 

Оған 300-ден астам палуан қатысты. Бұл жарыста Атырау жүлделердің барлық түрлерін қанжығаларына байлады: «алтын» - Назгүл Құбашева (57 келіге дейін), «күміс» - Асхат Телманов (60 келіге дейін), «қола» - Сұңғат Закарьяев (81 келіге дейін). Спортшыларды жаттықтырушы Азамат Сағынғанов дайындады.

***

 


Тайландтың курортты қаласы Пхукетте самбодан Азияның жағажай ойындары өтті. 

Жарысқа 15 елдің өкілдері қатысты. Қазақстан құрамасының сапында атыраулық палуан Ержан Қабделов (82 келіге дейін) шеберлік танытып, Тайланд, Ливан, Иран спортшыларын ұтты. Ақтық сайыста моңғолиялық палуанға есе жіберіп қойды. Нәтижесінде күміс жүлдегер атанды. Командалық есепте Қазақстан 1-орын алды.
Ержанды жарысқа жаттықтырушылар Аманбай Қыздарбаев пен Асхат Жұмабеков дайындады. Сапарды облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен жеке кәсіпкер Қайрат Ахметов қаржыландырды

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.