Атырау, 30 сәуір 13:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Қылмыстар хроникасы

2 872 просмотра

Қарашаның 25-де күндіз 15 градустық аязда Ресейден Бейнеу стансасына бара жатқан автобус Атыраудан шығар жолда бұзылып қалды. Салонда Өзбекстанның 63 азаматы болған, соның ішінде жеті әйел мен сәби болған. Сол жерге жеткен ТЖД қызметкерлері жолаушыларды Атырау қаласындағы жылыту қосынына жеткізді. Сол күні кешкісін гастарбайтерлер өздеріне ұсынылған автобуспен сапарларын жалғастырды.

***

 

Индер ауданының Көктоғай селосының маңында ауыл арасындағы жолда 19 қарашада УАЗ көлігі аударылып қалды. 61 жастағы жүргізуші алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмды.

***

 

Қарашаның 19-да полицияға қаладағы сұлулық салон-дарының бірінің қожайынынан шағым түсті. Белгісіз ер адам шаштараз ғимаратына кіріп, құрал-саймандарды ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын Маңғыстау облыстық ІІД ұрлық жасады деген күдікпен іздеу жариялаған қаланың 28 жастағы тұрғыны ұсталды.

***

 

Қала тұрғыны қазан айында белгісіз біреулердің Ақжар поселкесінде салынып жатқан үйдің терезесінен түсіп, 60 мың теңге тұратын құрылыс құрал-саймандарын ұрлап кеткендігіне шағымданды. Ұрлық жасады деген күдікпен Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданының 18 жастағы тұрғындары ұсталды. Қылмыстық іс жеңілдетілген тәртіппен сотқа жіберілді.

 

Қарашаның 20-да Азаттық даңғылының бойында су полициясының қызметкерлері «Пежо» көлігін тоқтатты. Салонда 24 келі жас бекіре еті болған. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Атыраудың тұрғыны полицияға пәтерге жөндеу жүргізу кезінде сөмкесінің жоғалып кеткендігі туралы шағым түсірді. Сөмке ішінде 3300 Ресей рублі, 140 мың теңге және құжаттар болған. Ұрлық жасады деген күдікпен пәтерге жөндеу жүргізген Өзбекстанның үш азаматы ұсталды.

***

 

Қарашаның 22-не қараған түні Камышинский өткелінің бойындағы өз үйінің жанынан 25 жастағы ер адамды тонап кетті. Оның ұялы телефонын, күртесі мен аяқ киімін шешіп алған. Полиция күдіктіні – зардап шегушінің құрдасын ұстады. Заттай айғақтар алынды.

***

 

Қарашаның 23-іне қараған түні белгісіз біреулер азық-түлік дүкенінің ғимаратына түсіп, 60 мың теңгеге азық-түлік ұрлаған. Ұрлық жасады деген күдікпен 25 және 29 жастағы қала тұрғындары ұсталды. Олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Оларға сонымен қатар 19-23 қараша аралығында теміржол вокзалының алдындағы алаңда орналасқан азық-түлік бутиктерін бұзып, ұрлық жасады деген 5 эпизод бойынша айып тағылып отыр.

***

 

Құрманғазы АІІБ-не Сүйіндік селосының тұрғыны шағымданды. Үйінің ауласында тұрған «Орал» мотоциклінің аккумуляторы ұрланып кеткен екен. 19 жастағы ауылдасы күдіктелуде.

***

 

Полицияға сауда компанияларының бірінің директоры шағымданды. Оның қызметкері 21-23 қараша аралығында өзіне сеніп тапсырылған құны миллион теңгеден астам сома тұратын 5 «айфонды» иемденген. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Қарашаның 25-де күндіз Авангардтағы кафеде 29 жастағы қала тұрғыны өзі сияқты кафеге келушіден қоңырау шалу үшін телефон беруін өтініпті. Алайда кешікпей полиция ұстады.

***

 

Индер ауданының Өрлік селосында 25 қарашада өзінің жұмыс кабинетінде жергілікті Мәдениет үйінің 55 жастағы директоры асылып қалды. Ол қоштасу хатын қалдырмаған. Тергеу жүргізілуде.

27 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.