Атырауда «Қыс-2014» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.
Құтқарушылар қолда бар барлық құтқару техникалары мен жабдықтарды христиандық қорым аумағына шығарып, халыққа көрсетті. Сап түзеген адамдар мен жедел жәрдемнен газ қызметіне дейінгі түрлі құтқару көліктері бір шақырымға созылып, төтенше жағдайдағы облысымыздың әлеуетін көрсетті.
Оқу-жаттығудың екінші кезеңінде, аңыз бойынша, құтқарушыларға дабыл қағылды: Атырау-Астрахан трассасында жиырма бес жолаушысы бар автобус тұрып қалды, екі адамның аяқ-қолы үсіп кеткен. Оқиғаға Атырау облысы аумағында қар араласқан жауын жауып, боран соғып, жел тұрғаны қосымша қиындықтар әкелді. Автокөлік және темір жолдары мұзданып, көк тайғақ болды. Ауа температурасы 30 градустық аязға төмендеді... Жағдай өте ауыр, құтқарушылар тапсырманы орындай алар ма екен?
...Дабыл қағылғаннан кейін шақырту орнына Атырау облыстық ТЖД мен Қазақавтожол құрылымдық бөлімшелері грейдер, тиеуші және бірнеше арнайы машиналармен жолға шықты. Іс жүзінде қар болмағанымен, жүргізушілер асфальт үстіндегі «ойдағы» қарды мұқият тазартуға тырысты - тапсырма солай. Грейдер мен тиеуші жауын-шашынмен алысып жатқанда, келесі көлік жолға мұздаққа қарсы материал төкті. Ал зардап шегушілер, олардың рөлін студенттер ойнады, автобуста отырып, өздерін құтқаруға тырысып жатқандардың әрекеттерін қызығушылықпен қарап тұрды.
Бірнеше минуттан кейін оларды Газельдерге отырғызып, жақын жердегі жылыту бекетіне – жол бойындағы ғимаратқа апарды. Бұл жерде оларды ыстық тамақ, медициналық және психологиялық көмек күтіп тұрды. Айта кетсек, медицина қызметкерлері шынымен болғанымен, аш студенттердің өкінішіне орай, тәрелкелерде тамақ жоқ болып шықты. Жастар тамақ ішудің ырымын жасап, үсікке шалынғандарға алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, кереуетке жатқызылды.
Келесі екі кезеңде құтқарушылар Авангард жылу-энергетикалық жүйесіндегі апатты жойып, Алмагүл ықшамауданындағы өртенген үйді сөндірді. Бірінші жағдайда, тағы да аңыз бойынша, 30 градустық аязда жылу мен жарық беру тоқтап қалды, адамдар өз пәтерлерінде тоңа бастады. Екіншіде, керісінше, ыстық болды: 16 қатарлы ғимараттың 6-қабатында пропан жарылып, өрт жоғары қатардағы пәтерлерге шапты. Үрейлі адамдар, айқай-шу, бәрі жанып жатыр – мұндай шындықтан құдай сақтасын!
Кейін ТЖД-да хабарлағандай, оқу-жаттығу сәтті өтті, егер қыста осындай жағдайлар орын алса, құтқарушылар апаттарды ауыздықтауға дайынбыз деп сөз берді.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор