Атырау, 25 қараша 05:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Байқоңырдан «Протонның» ұшырылу датасы басқа уақытқа ауыстырылуы мүмкін

1 985 просмотра

Фото: РоскосмосФото: РоскосмосБайқоңыр. 26 қараша. ҚазТАГ – «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200-алаң старт кешеніне «Астра 2G» атты еуропалық байланыс жерсерігімен бірге орнатылған «Протон-М» зымыранының ұшырылу датасы техникалық себептер бойынша басқа уақытқа ауыстырылуы мүмкін, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Сипаты нақтыланбай отырған (зымыранға қатысты – ҚазТАГ) табылған проблемаларға байланысты, ұшырылу датасы 2014 жылдың желтоқсанына ауыстырылуы ықтимал», - деп хабарлады сәрсенбі күні агенттікке ғарыш айлағындағы дереккөз.

«Алдағы уақытта мемкомиссия отырысы өтеді, сонда «Протон» зымыранын старт кешенінен шешу және оны ғарыш айлағының монтажды-сынақ корпусына қайтару туралы шешім қабылданады», - деп толықтырды әңгімелесуші.

Шамасы, «Протонды» ұшыру датасы мен уақыты кейінірек жарияланбақ, деп нақтылай өтті ол.

Еске сала кетейік, 24 қарашада «Протон-М» зымыраны «Астра 2G» атты еуропалық байланыс жерсерігімен бірге «Байқоңыр» ғарыш айлағының 200-алаң старт кешеніне орнатылған болатын. Зымыран-тасығышқа жылжымалы қызмет көрсету фермасы тақалған, Ресейдің зымырандық-ғарыш салалық кәсіпорындарының мамандары старталды әзірлік бағдарламасы бойынша операцияларға кіріскен.

«Протон-М» ЗТ-ны «Астра 2G» ҒА-мен бірге ұшыру 28 қараша Астана уақытымен 3.24-ке (Мәскеу уақытымен 28 қараша 0.24-ке) жоспарланған.

«Астра 2G» еуропалық телебайланыс жерсерігін SES S.A. атты жаһандық жерсеріктік байланыс операторының тапсырысы бойынша EADS Astrium компаниясы Eurostar-3000 платформасының базасында дайындап шығарған.

«Астра 2G» ҒА 6000 кг салмаққа ие, 62 Ku-диапазон транспондері мен 4 Ka-диапазон транспондерімен жабдықталған және Еуропа мен Африка аумағында VSAT қызметі мен кең жолақты қолжетімділікті ұсынуға арналған. Аппараттың Ku сыйымдылығы операторға Ұлыбритания мен Ирландия аумағында Direct-to-Home (DTH) сегментіндегі қызметтер тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді. ҒА геостационарлық орбитаға шығыс бойлықта 28,2 градус иіліп орналастырылады. Жерсерік 15 жыл белсенді әрекет етуге шақталған.

Бұл «Байқоңыр» ғарыш айлығынан аттанатын «Протон» жанұясы зымыранының 400-старты болады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

26 қараша 2014, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.