Атырау, 25 қараша 05:17
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Б.Обама: Мэрил Стрипті сүйетінімді Мишель де, оның жары да біледі

1 715 просмотра

Ақ үйде Еркіндік медалін салтанатты түрде табыс ету кезінде Б. Обама актриса Мэрил Стриптің өнеріне табынатынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Президент табыс ететін Еркіндік медалін АҚШ басшысы өзі тағайындайды және ол конгресс медалімен қатар қоғамдық айтулы награда болып есептеледі. Бұл құрмет белгісі «АҚШ-тың ұлттық мүддесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі, әлемдегі бейбітшілікті сақтауға немесе өзге қоғамдық және мәдени жетістіктері үшін» беріледі.

Биылғы 19 лауреаттың қатарына үш мәрте «Оскар» сыйлығына қол жеткізген Мэрил Стрип кірді. Обама оны ең өнерлі актрисалардың бірі деп атады.

«Мен оны сүйемін, өнеріне табынамын. Бұл туралы оның жары және Мишель біледі», - деді АҚШ президенті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 қараша 2014, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.