Атырау, 25 қараша 05:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркия Президентінің ер мен әйел теңсіздігі туралы сөзі дауға айналды

4 196 просмотра

Тайып ЕрдоганТайып ЕрдоганАСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған ер мен әйелдің теңдігі мүмкін емес деген пікір айтып, тағы да сынға ілікті, деп жазды «The Guardian» Ассошиэйтед Пресске сілтеме жасай отырып.

Стамбулдағы әйел құқығына арналған бұқаралық шарада Түркия Президенті ер мен әйелдің арасындағы биологиялық ерекшеліктерге байланысты олардың тең еместігін айтқан.

«Ер мен әйелдің әдеті де, қылықтары да, дене бітімі де бөлек. Бала емізетін әйелді, еркекпен теңеуге болмайды. Әйелдер еркектер атқаратын кей жұмыстарды жасай да алмайды. Әйелге жер жыртқызудың қажеті жоқ. Ол оның нәзік болмысын бұзады. Әйелді құрметтеу керек, мен анамның аяғын сүйер едім», деген ол түрік феминистерін сынаған. Ол ана қадірін терең түсініп, исламдағы орнын бағалау керектігін айтты, деп жазады «РИА Новости». .

Көптеген басылымдар түрік басшысының «гендірлік теңдіктің болуы мүмкін емес» деген пайымын осыған дейін де айтқанын еске салды. Сан-Францисконың SFGate басылымы жазғандай, осыған дейін Эрдоган әр әйелде кем дегенде үш бала тууы керек деген. Сондай-ақ, ол жасанды түсік жасату мен зинақорлыққа қарсы шыққан.

Эрдоганның мәлімдемесі әлеуметтік желілерде де қызу талқыланды. Құқыққорғаушы Гулия Гульбахардың айтуынша, Түркия президенті гендерлік теңдік туралы пікірімен ел конституциясына, түрік заңдары мен халықаралық конвенцияларға қайшы келді.

Дереккөз: inform.kz

25 қараша 2014, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.