Атырау, 25 қараша 05:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ауған әйелі баласының өлімі үшін тәлібтерді қырып салды

1 475 просмотра

Ауғанстандық әйел "Талибан" қозғалысының 25 өкілін атып тастады. Бұл әрекетін ол ұлының өлімі үшін алынған кек деп түсіндіріп отыр.

Әйелдің көз жұмған ұлы Фарах провинциясындағы полиция бөлімінде қызмет еткен екен. Тәлібтер аталған ғимаратты шабуылдау кезінде оны анасының көзінше атып өлтірген. Ауыр қайғыны көтере алмаған әйел қызы мен келінін ертіп алып, полиция бөліміндегі қарулармен жарақтанып, лаңкестермен 7 сағат бойы атысыпты. Салдарынан 25 тәліб қаза тауып, тағы бесеуі ауыр жараланды.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Седик Седикки батыр ананы өзгелерге үлгі етіп көрсетіп, халықты "Талибан" қозғалысына қарсы күресуге шақырып отыр.

Ал, тәлібтер аталған оқиғаға байланысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөз: Baq.kz

25 қараша 2014, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.